Балық майының балаларға пайдасы
Көпшілігіміздің есімізде бала кезден балық майының осы жағымсыз, жиіркенішті деуге болатын дәмі қалған болар. Оны сұйық күйде қасықпен ішу сынақ болатын. Бірақ қазіргі кезде өзіңізді қинамауыңызға болады, өйткені LYSI өндірген балық майының иісі соншалықта тазартылған және жағымды дәмі бар, ол тіптен талғампаздардың өзіне ұнайды. Ол сондай-ақ өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы капсулалармен де шығарылады.
Балық майы балаларға өте пайдалы, ол ведь он восполняет необходимый уровень витаминов А және D дәрумендерінің, кейбір микроэлементтердің және көп қанықпаған май қышқылдарының қажетті деңгейінің есесін толтырады.
Балық майының бала ағзасына оң әсері
- Балық майының балаларға пайдасының мәні бірінші кезекте оның мешелдің алдын алу үшін пайдаланылатындығында. Бүгінгі күні бұл ауру 2 айдан 2 жасқа дейінгі балалардың арасында таралған болып табылады. Әңгіме мынада,ағзаға D дәрумені жетіспейді, ол жетіспеген кезде жасушалардың өсуімен проблемалар пайда болады. Балық майында осы дәруменнің көлемі көп болады, соның арқасында сүйек тінінің қалыпты өсімі қамтамасыз етіледі, иммун жүйесі бекиді және бұлшық еттердің әлсіреуінің алдын алады.
- Сондай-ақ балық майын мектеп жасындағы балаларға беруді ұсынамыз, өйткені көп қанықпаған қышқылдардың арқасында мидың жұмысы жақсарады. Аталған қышқылдар мидың тіндерін қалыптастырып, дамытады және зияткерлік дамуды ынталандырады.
- Балық майында болатын көп қанықпаған май қышқылдары простагландиндердің өндірілуіне ықпал етеді, олар өз кезегінде иммунитетті көтереді және ағзаға инфекциялармен күресуге жәрдемдеседі және қабынауға қарсы әсерге ие болады.
- Балық майын жүйелі пайдалану балаларға күйзеліспені және ашушаңдықпен күресуге жәрдемдеседі, өйткені ол серотонинді өндіруге ықпал етеді, ал серотонин баршамыз білетіндей, бақыт гормоны.
Ең абзалы дәрігермен алдын ала кеңесіп алып, балық майын тамақ ішіп отырғанда қабылдаңыз. Балаларға арналған мөлшерлеме қаптамада көрсетілген.
Бастысы оны бір мәрте ғана қолданбау қажеттігін есте сақтаңыз, өйткені бұл ешқандай нәтиже бермейді. Оны курстармен қабылдау қажет, әдетте бір курс 1-ден 3 айға дейін созылады.
Балық майын, әсіресе бұл оның сұйық пішініне қатысты, салқын, қараңғы жерде сақтау қажет.