0
MOD_VM_CART_NO_PRODUCT
 x 
Корзина пуста

MENU

Өнімдер

Әйгерім, Алматы

Әйгерім, Алматы

Жақында менің шаштарым бұрын болмағандай түсе бастады. Мұндай соңғы 4 жылда болмаған еді. Неден екенін білмеймін – әлде ұдайы күйзелістен әрі жұмыста шаршағаннан (мен банкте несие беруші болып істеймін) ба, әлде жиі бояғаннан ба, бірақ бояудың осының барлығын асқындырып жіберді ме деп ойлаймын... Мен қыша қойдым - жәрдемдеспеді, шыға берді, әсіресе масканы алғаннан кейін уыс-уыс шашты көруге болатын еді (( Содан соң маған керемет – балық майын сатып алу идеясы келді. Дәріханада шаш пен тырнаққа арналған кез келген дәрумендер және т.т. көп, бірақ маған балық майының дегенмен химия емес, табиғи және Исландияда жасалғаны сенім ұялатты. Сізге айтайын, нәтижесі болды, бірақ бірден емес... 1-2 аптадан кейін шаштың түсуі кәдімгідей азая бастады. Шаштың өзі де жақсара түсті. Тырнақ тез өсе бастады, және олар өмірде ешқашан өспегендей берік болып өсті және қатпарланбайтын болды. Мен нәлімнің бауырынан жасалған балық майының 120 капсуласын алдым. Бәріңізге кеңес етем, өте жақсы дүние)))
Қарлығаш Оспанова, Астана

Қарлығаш Оспанова, Астана

Сіздің «Омега 3 + Кальций+ Д дәруменінен» алған әсеріміз өте тамаша. Балықтың жағымсыз, борсыған иісі жоқ. Капсулалар, әрине, үлкендеу, бірақ қиындықсыз жұтылады. 30 күнге шақталған бір қаптаманы ішіп тауыстым. Өте ыңғайлы – капсула мен жанында 2 кальций таблеткасы, шатаспайсың. Оны остеопороздың алдын алу үшін алғанмын, бірақ бейне бір жасара түскендей сезіндім. Терім тегіс және толысқан алмаға ұқсас болды. Серпімділік қосылды. Қуат құйылғанын сезіндім, фитнесте нұсқаушының барлық қимылын оңай қайталаймын және аяғына дейін жасаймын, ал бұрын демалып алуға жиірек тоқтайтынмын. Міне, енді қолыма Спорт Трио Буындарды алдым, байқағанымдай, онда гиалуронды қышқыл бар екен, ал ол тек буындарға ғана емес, тағы терінің және тұтастай алғанда бәрінің жасаруына да жақсы, онда тағы жүзім сүйектерінің сығындысы бар, бұл да антиоксидант әрі жасартады. Сондықтан, енді жас әрі ажарлы боламын! Lysi рахмет.
Татьяна, Астана

Татьяна, Астана

Қызым мамыр айында туған, сондықтан жазда дәрігерлердің табанды түрде ұсынған «Аквадетримді» берген жоқпын, үшінші қыркүйектен бастап (осы сәтсіз күн әлі есімде) бере бастадым … кенеттен, аллергия (онымен біз кейіннен ұзақ уақыт күрестік). Ал балық майы – табиғи өнім. Нәлімнің бауырынан жасалған балалар балық майын сатып алдым, қазір оны қасықтап беріп жатырмын. Бәрі ретке келді, оған ешқандай реакция жоқ! Айтпақшы, менің баламда балық майын ішкеннен біраз күннен кейін дерматиті кетті, оны біз, мүмкін болған жердің бәрінде соңғы жарты жылда сәтсіз емлеп келдік. Балалар, балық майын ішіңдер – сау боласыңдар!
Виктор, Алматы

Виктор, Алматы

Мен – кәсіпқой спортшымын және бала кезімнен спортта көп дәруменнің қолдауынсыз ешқалай болмайтынын білемін. Әртүрлісін байқап көрдім. Финляндияда жарыста болғанымда, дәріханада Исландияда өндірілген буындарға арналған Глюкозаминді сатып алдым, өйткені оның құрамында тек Глюкозамин ғана емес, дәрумендер мен балық майы, тағы Хондроитин де бар. Үйге, сіңліме базарлық ретінде балалар балық майын, анама - кальцийі бар, әкеме – Акула бауырының майын алдым. Өзімдікі туралы айтайын – блистердегі өте ыңғайлы қаптама, сондықтан мен сапарларда, жаттығуларда жиі боламын, әлдебірін ішуді ұмытып кетуім мүмкін, ал мұнда барлығы біреуде! Нәтижесі де тамаша – сергектік, күш-қуат еселеніп, жаттығуларда кростарда жеңіл жүгіре аламын (тізем ауырмайды), жалпы алғанда, өте ризамын және өз достарыман ұсынамын. Иә, ең бастысы, бұл пікірді жазып отырған себебім: өзімізден Алматыдан LYSI компаниясының өнімін тауып алып, рақаттана таңғалдым. Қолымдағы бума таусылды, ал курсқа 2-3 ай қажет. Енді өзімізден сатып аламын. Туыстарыма да қатты ұнады және олар да өз денсаулығын түзеп алды.

© 2019 LYSI. Все права защищены. Яндекс.Метрика