0
MOD_VM_CART_NO_PRODUCT
 x 
Корзина пуста

MENU

Дистрибьютор туралы

 

«Asia Group» - бұл түрлі жастағы және тиісінше түрлі буындағы адамдардың ұйымшыл командасы.

Барлық ересектер, алыстағы балалық шағында өз ата-аналарының сәбилерді түрлі тәсілдермен уәждей отырып, қамқорлықпен қасықтап балық майын бергені есінде болар. Бұл біреуге ұнаса, біреуге ұнамайды. Бірақ баланың аты бала, олар сол немесе басқа өнімдердің пайдасын әркез біле бермейді. Ұрпақ өсіп келеді, енді біз, ата-аналар, микроэлементтер мен дәрумендерді пайдалылығына, сапасына, жинағына қарай іріктеп, өз балаларымыздың тамақтану рационын түрлендіріп, теңгерімдеуге тырысамыз. Балалар мен ересектер үшін балық майының пайдалылығы туралы көптеген мақалалар мен ғылыми баяндамалар жазылып, түрлі танымал журналдар, БАҚ-тар беттерінде жарияланды. Біз балық майын өзімізге және отбасыларымызға іздегенде, біз әлемдегі үздік, ең үздік өндірушілерді таңдайтынбыз! Егер бұл үздік өнім отбасыларымыз үшін жеткілікті жақсы болса, ол бүкіл отбасылар үшін қолжетімді болуы тиіс деп ойлайтынбыз! Ұзақ әрі қиын келіссөздердің нәтижесінде балық майы өндірісіндегі әлемдік көшбасшымен эксклюзивтік дистрибьюторлық келісімге қол қойдық.

Біздің кредомыз – өзімізге өте ұнаған іспен шұғылдану. Өзімізбен өз отбасыларымыз үшін таңдайтын ең сапалы, ең үздік өнімді жеткізіп беру. Біз өз ісімізді сүйеміз. Әрі мұның бәрін біз жасаймыз, бәрінен де үздік етіп жасауға тырысамыз.

Біздің негізгі мақсатымыз – тұтынушыға сапалы өнім және сапалы сервис ұсыну. Клиенттің денсаулығы біз үшін ең бастысы және біз бүкіл өркениетті әлемде бар ең үздікті ұсынуға тырысамыз.  

Біз бұған бірнеше жылдар жүріп келдік, және қазір біз Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның нарықтарына шықтық.

Біз өз сөрелерімізден Сіздің өндірушінің бүкіл ассортименттік тобын көргеніңізді қалаймыз.

Жасаған кезде біз алдымызға күрделі міндеттерді қойдық:

  • Клиенттерге таңдау және Қазақстанда және Орталық Азияда танымалдықты ұсыну;
  • Тұтынушыны өнімдермен таныстыра отырып, оған барынша көп ақпарат ұсыну, сонымен уақытын үнемдеу;
  • Білікті, сыпайы және адал консультанттар даярлау.

Біз бірнеше қағидаттарды ұстануға тырысамыз:

1)   Клиентке баға жетпейді! Біз өзіміз кімнің арқасында күн көріп жүргенімізді білеміз, сондықтан Сізді және Сіздің сеніміңізді шексіз бағалаймыз. Көп нәрсені біз әлі үйреніп жатырмыз, кейде қателіктерге бой алдырамыз, бірақ біз әркез клиенттің жағындамыз, Сіз тіптен бізден ешнәрсе сатып алмасаңыз да, риза болып қалуыңыз үшін мүмкін болғанның барлығын жасауға тырысамыз.

2)   Жауапкершілік. Біздің,"Asia Group" қызметкерлерінің әрқайсысы, бүкіл компания үшін жауапкершілік алады. Біз істі жарты жолдан тастамаймыз. Біз жұмыс істеуге қорықпаймыз, және ешқашан проблемалардан қашпаймыз. Егер біз қателік жіберсек, онда міндетті түрде түзейміз және мұны қайталамау үшін және өз кінәмізді жуып-шаю үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Сіз бізге сенім арта аласыз!

3)  Ашықтық. Біз Сіздің сауалдарыңызға ашық жауап беруге тырысамыз. Сенбейсіз бе?! Біздің компания туралы пікірлерді міндетті түрде оқыңыз, сіз тіптен өз пікіріңізді өзіңіз жаза аласыз, біз Сізге міндетті түрде жауап береміз!!!

Клиенттің денсаулығы біз үшін ең бастысы! Сіздің балық майын капсулалар немесе сұйық түрінде сатып алсаңыз  да, айырмасы жоқ, денсаулыққа барлығы пайдалы болады! Денсаулық дегеніміз не!? Адамдардың көбісі бұл сұраққа жауап бере алады, бірақ экологиясы сұмдық, миллиондаған күйзелісті, проблемалы мынау техногендік дүниеде адамдағы ең маңызды нәрсені сақтауға болатынын біле ме? Қазіргі заманғы ғалымдар денсаулық формуласын шығарды: ол бес құрамдастан тұрады. Денсаулықтың басты құрамдасы (I) – кенеулі тамақтану. Ол адамды күш-қуатпен және ағзаның тіршілік қызметіне қолдау көрсететін пайдалы заттармен қамтамасыз етеді.  Қажетті дәрумендермен және микроэлементтермен байытылған дұрыс кенеулі тамақтану біздің көңіл-күйімізді және кез келген жаста өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады. Сондай-ақ белсенді өмір салтын (ІІ), зиянды әдеттерді тастауды (ІІІ), гигиена (IV) және еңбек және тынығу режимі (V) қағидаларын ұмытуға болмайды.

Өзіңізге, жақын туыстарыңызға және олардың көңіл-күйіне қамқор болыңыз сау болыңыз!

Сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен және құрметпен,

«Asia Group» тобы

 

 

© 2019 LYSI. Все права защищены. Яндекс.Метрика