0
MOD_VM_CART_NO_PRODUCT
 x 
Корзина пуста

MENU

Акула майы – иммунитетті берік нығайту

Әлбетте, акула майының пайдалы қасиеттерінің ашылуымен адамзат барлық ауруларды емдейтін панацея тапты деп сенуіне болмайды – бұл ойдан шығарылған нәрсеге тым ұқсас болар еді, бірақ дәрігерлер акула бауырының майы емдік қасиеттеріне қарай адамзат үшін орасан зор пайда алуға болатын сирек зат деп бірауыздан келісіп отыр.

LYSI өндірген акула бауырынан жасалған май – бұл үздік сапалы табиғи өнім.

 

Акулалар неге ауырмайды?

Акула ежелден феноменалдық тіршілік қабілеттіліктің жарқын үлгісі ретінде дүниежүзі ғалымдарының жіті ықыласын аударған. Дәрігерлер «осы теңіз мекендеушілерінің мықты денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің себебі неде? Олардың ағзасының кез келген инфекцияларға тұрақтылығы немен қамтамасыз етіледі?» деген сұраққа тынымсыз жауап іздеді. Олар жер бетінде миллиондаған жылдардан бері тіршілік етіп келеді, олар ауырмайды, оларға бактериялар қауіпті емес және тіптен обыр дегенді білмейді, денелеріндегі кез келген жарақаттар бірден жазылады. Мұндай өмірге төзімділіктің көзі ұзақ уақыт акула шеміршегі деп есептелік келді, бірақ бүгінде акуланың фантастикалық иммунитетінің себебі – оның бауыры, дәлірек, ондағы май екені нақты дәлелденіп отыр.

Жапонның дәрігер ғалымдары терең судағы акулалардың бауырынан алынатын майдың адам ағзасына қажетті әртүрлі нәрлі заттарға бай екенін анықтаған. Одан бөлек, акуланың бауырынан алынатын майда адамның иммун жүйесін ынталандыратын, тіндердің қалпына келуін жеделдетін (жаралардың жазылуына жәрдемдесетін) зат - алкилглицерол болады.
Акула бауырынан алынатын май – бұл үздік сапалы табиғи өнім.

Акуланың бауырынан алынған майды Норвегияның және Швецияның жағалауындағы адамдар жүздеген жылдар бойына халықтық құрал ретінде пайдаланып келеді. Ол негізінен жаралардың жазылуын жеделдету үшін және тыныс алу жолдарының және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатын жалпы құрал ретінде пайдаланылады.

 

 

Көптеген адамдар шаршағандықты және күштің азаюын сезінеді, зейін қоюдың нашарлығынан зардап шегеді, тіптен ауруханалардағы дәрігерлердің өзі осы дерттен арыла алмауда, өйткені шын мәнінде олардың жай-күйі сау адамның халіне ұқсас  (мәселен, жай шаршаудан кейін). Кейбір адамдар бас айналуды, жүрек тұсындағы ауырсынуды сезінеді, мұның барлығы церебралдық жетіспеушілік, жүрек жетіспеушілігі деген атаумен мәлім, мұның барлығы оттегімен жеткіліксіз жабдықталмау салдары болып табылады. Акула бауырының майын қабылдаған жағдайда өте жақсы нәтижеге және хал-жағдайының жақсаруына қол жеткізуге болады.
Кейбір аурулар дененің қандай да бір органдарының зақымдалуы немесе қызметінің бұзылуы салдарынан, мәселен, қант диабеті из-за нарушения деятельности эндокриндік жүйенің бұзылуынан пайда болады және т.т. Акула бауырының майы зақымдалған тіннің жасушаларын оттегімен қамтамасыз ете отырып, оларға жәрдемдесетіндіктен, осы жасушалардың тым қысқа уақыт аралығында қалпына келуі мүмкін болады.

Акула бауырының майын қолдану:

Акула бауырының майы кейбір сүйек ауруларының алдын алады. Мәселен: ревматизм, остеонекроз, омыртқа жарықтары.
Эндокриндік жүйенің қызметін реттеуге жәрдемдеседі, эндокриндік жүйе органдарының функциясының қалпына келуіне ықпал етеді, бүйректің жағдайын жақсартады.

Акула бауырының майы адам ағзасының иммунитетін кешенді түрде көтеруге қолданылады. Иммунитетті көтеру ағзаның аурулар мен инфекцияларға төзімділігін айтарлықтай жақсарта алады. Иммунитетті көтеру тіптен, бронх демікпесі, құздамалық артрит және басқа созылмалы аурулардың өтуіне де оң әсер ете алады.

Сәулеленудің зиянды әсерін азайту, обыр ауруларымен күрес үшін және обырды емдеуден кейін қалпына келтіру кезінде қолданылады.

Липидтік алмасуды ретке келтіреді, қандағы холестерин деңгейін азайтады, қан тарату тамырларын тазартып, олардың иілімділігін қалпына келтіреді.

 

 

Алкил глицеролдың пайдалы қасиеттері:

Алкил глицерол – ғалымдар акуланың бауырын зерттеу кезінде тапқан құрамдастардың бірі. Жүргізілген зерттеулер негізінде олардың ісік жасушаларын өлтіріп, обырмен күресетіндігі анықталды. Ғалымдар иммун жүйесін екі тәсілмен белсендіреді деп тұжырымдайды: ағзаға енген микробтарды жейтін макрофагтар деп аталатын жүйенің иммун жасушалары мен зақымдалған жасушаларды ынталандыру жолымен, сондай-ақ жасушалардың өсуін негізгі реттеуші болып табылатын протеинкиназаны баяулату жолымен. Сондай-ақ алкил глицеролдың жасушалы мембраналарды қорғау (олардың иілімділігін арттыру) қабілетінен химия және сәуле терапиясының көмегімен жанама әсерді азайтатыны анықталды.

C және E дәрумендері секілді жай антиоксиданттар тотығуға төзімді болғанымен, бірақ жасушалардың сыртында болады, және олардың ішінен біразы ғана жасушалы мембраналар арқылы жасушаның ішіне өтіп, оларға әсер ете алады. Алкил глицерол (AKGS) жасуша ішіндегі аз антиоксиданттардың бірі болып табылады.

© 2019 LYSI. Все права защищены. Яндекс.Метрика